
«Алтай Полиметаллы» ЖШС қызметін тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік экологиялық инспекция келесі бұзушылықтарды анықтады:
кәсіпорын қызметті мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысынсыз және қоршаған ортаға эмиссияларға (шаруашылық-нәжіс сарқынды суларын ағызуға) тиісті экологиялық рұқсатсыз жүзеге асырды.
Осы бұзушылықтар үшін кәсіпорын жалпы сомасы *313 млн*. теңгеге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, сот ісі мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа жіберілді
шаруашылық-нәжіс сарқынды суларын биологиялық тазарту Ағынды суларды тазарту қондырғылары кешенінің қызметін тоқтата тұру шешімімен тоқтатылды (анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін).
Тексеру нәтижесімен келіспей кәсіпорын сотқа қарау үшін апелляциялық шағым түсірді.
Қарағанды облыстық сотының 2024 жылғы 11 маусымдағы қаулысымен апелляциялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылды.