Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында Теміртауда SAF AUA экологиялық бастамаларының II өңіраралық форумы өтті.

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында Теміртауда   SAF AUA экологиялық бастамаларының II өңіраралық форумы өтті.

Форум Қазақстандық Ecojer қауымдастығы  ұйымдастыруымен Еуропалық Одақтың, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің және жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен өткізілді.

Панельдік сессияларының бір тақырыбы «Мониторингтің автоматтандырылған жүйесі: тараптардың өзара іс-қимылы» болды, онда Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Омаров Ермек Қасымғалиұлы модератор ретінде,  мемлекеттік метрологиялық-талдамалық бақылау басқармасының бас сарапшысы Ағыбаева Дана Жәнібекқызы спикер ретінде сөз сөйледі.

Қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесі (МАЖ) – эмиссиялардың негізгі стационарлық көздерінде қоршаған ортаға эмиссиялар көрсеткіштерін қадағалайтын өндірістік экологиялық мониторинг жүйесі, ол деректерді уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне нақты уақыт режимінде беруді қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда, 96 кәсіпорынның 51-і МАЖ орнатылған, 2024 жылдың соңына дейін 36 кәсіпорын орнатады, орнату барысында 9 кәсіпорын.

Жүйені енгізу кәсіпорын тарапынан да, уәкілетті орган тарапынан да жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.