Абай облысы прокуратурасының "Абай облысы экологтарының қорытынды беру туралы" ақпараты бойынша Комитет төмендегіні хабарлайды.

Абай облысы прокуратурасының "Абай облысы экологтарының қорытынды беру туралы" ақпараты бойынша Комитет төмендегіні  хабарлайды.

Атап айтқанда, 2023 жылғы 14 тамызда Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне ет өндіру кешенінің құрамында селекциялық-гибридтік орталық салуға қоршаған ортаға әсерді бағалауды қамту саласын анықтау бойынша қорытынды алу үшін "EMA Ltd" жеке компаниясының жобасы келіп түсті. Комитет 2023 жылғы 27 қыркүйекте осы жобаға мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын берді.

Сонымен қатар, 2023 жылғы 21 желтоқсанда Комитетке қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды алу үшін есеп жобасы келіп түсті. Осы жоба бойынша 2024 жылғы 2 ақпандағы оң қорытынды берілді.

Барлық қорытындылар белгіленген мерзімдерге сәйкес "Е-лицензиялау" ақпараттық жүйесі арқылы берілді.

Экологиялық қорытындылар беру кезінде мүдделі мемлекеттік органдар және жұртшылықтың ұсыныстары мен ескертулері ескерілді, оның ішінде объектінің орналасқан жеріне өзгерістер енгізілді.

Экологиялық рұқсат алуға арналған материалдар Комитетке түскен жоқ.

Комитет тарапынан мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту болған жоқ.