Ерболат Селбайұлы Қожықов ҚР ЭТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Ерболат Селбайұлы Қожықов ҚР ЭТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Е. Қожықов 1976 жылы 27 наурызда Ақтөбе облысы, Жарқамыс ауылында дүниеге келген.

 

1998 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін "Химия және экология" мамандығы бойынша бітірген.

2000 жылы Алматы қаласындағы "Құқықтану" мамандығы бойынша "Әділет" Жоғары құқық мектебін бітірген.

 

Еңбек жолын 1998 жылы 2-разрядты Мұнай және газ өндіру операторы қызметінен бастады.

2004-2008 жылдары-Ақтөбе облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының атмосфералық ауаны қорғау және радиациялық қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы.

2008-2009 жылдары-Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының "Фирма АдаОйл" ЖШС инженер эколог.

2009 жылы-Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласындағы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Тобыл-Торғай экология департаменті Экологиялық реттеу бөлімінің бас маманының м.а., бас маманы.

2009-2016 жылдары-Ақтөбе облысы бойынша экология департаментінің Экологиялық реттеу бөлімінің басшысы.

2016-2020 жылдары-Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары-бас мемлекеттік экологиялық инспектор.

2020-2022 жылдары-Экологиялық реттеу және бақылау комитеті мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының басшысы-Нұр-сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік экологиялық инспекторының орынбасары.

2022 жылғы қаңтардан 2024 жылғы мамырға дейін-Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы