ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 05-05/103 қаулысына сәйкес, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті қашықтықтан (дистанциондық) жұмыс істеуге көшті.
Осыған байланысты, Экологиялық реттеу және бақылау комитеті жұмысында келесі өзгерістер енгізілді:
- қағаз құжат айналымы, соның ішінде Экологиялық есептілік қағаз түрінде қабылданбайды (барлық кіріс хат-хабарларды электрондық үкімет порталы арқылы, d.tolybaeva@ecogeo.gov.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет, анықтама үшін телефон нөмірі: 87078089974);
- азаматтардың жеке қабылдаулары кейінге қалдырылды;
- қоғамдық тыңдаулар уақытша тоқтатылды;
- барлық кеңестер онлайн-режимде өткізіледі;
Барлық сұрақтар бойынша келесі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз:
1) Мемлекеттік экологиялық бақылау мәселелері бойынша Тастемирова Шаттык Исемгалиевна 87018882758;
2) Мемлекеттік экологиялық сараптама және рұқсаттар мәселелері бойынша Тасбаев Ерлан Эдгеевич 87017361586;
3) Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензиялау мәселелері бойынша Кабдрашев Диас Нұрланұлы 87017773402;
4) Мемлекеттік метрологиялық-аналитикалық бақылау мәселелері бойынша Мухаметжанова Асель Қайратқызы 87023472012;
5) Заң мәселелері бойынша Койбагарова Жибек Шугаевна 87024228121.
Түсіністік білдіргендеріңіз үшін рахмет, өздеріңізді сақтаңыздар!