"KAZ Феррит" ЖШС жер рельефіне ластанған қара суды ағызу фактісі туралы

"KAZ Феррит" ЖШС жер рельефіне ластанған қара суды ағызу фактісі туралы
Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің атына Курьяновский кентінің тұрғындарынан «KAZ Феррит» ЖШС-не жердің рельефіне ластанған қара суды үнемі төгуі туралы ұжымдық өтініш келіп түсті, соның салдарынан ол Веснянка өзеніне және топыраққа өтеді, өзен ағысынан төмен жайылымдардағы шөптерді ластайды.
Осы факт бойынша Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің қызметкерлері жергілікті жерге шығып, суда ластаушы заттардың бар-жоғын анықтау үшін су сынамаларын іріктеп алды, сондай-ақ топырақ сынамаларын алды. Қазіргі уақытта талдаулармен жұмыс жүргізіліп жатыр. Нәтижелері қосымша хабарланатын болады.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта «KAZ Феррит» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексерісті ұйымдастыру мәселесі қарастырылуда.
Қорытынды туралы қосымша хабарланады.