Жақын күндері мүдделі мемлекеттік органдардың, “Атамекен" ҰКП және салалар қауымдастықтарының қатысуымен "мұнай-газ саласындағы кешенді экологиялық рұқсаттарға көшу: сын-тегеуріндер, стратегиялар және шешу жолдары" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Кездесу барысында сұрақтар талқыланды: 

- мұнай-газ саласында кешенді экологиялық рұқсаттарды (КЭР) енгізу кезіндегі техникалық және экономикалық сын-тегеуріндер;

- КЭР алу механизмін талдау: туындайтын мәселелерді анықтау және шешу;

- мұнай-газ индустриясында КЭР алудағы сын-қатерлер мен перспективаларды еңсеру;

- технологиялық нормативтерді, экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасын айқындау негіздемесінің жобаларының мазмұны мен ресімделуі, сондай-ақ ҮҚТ қолдану.

Кездесу қорытындысы  бойынша төмендегідей шешім қабылданды:

- барлық туындаған мәселелерді шешудің ұсыныстары мен мүмкін жолдарын ұсыну;

- кеңейтілген кеңесті қайта өткізу қажеттілігі;

- жұмыс тобын құру және жол картасын әзірлеу. 

Бұл бастаманы дөңгелек үстелдің барлық қатысушылары бірауыздан қолдады, өйткені өткізілген дөңгелек үстел КЭР алу үшін нормаларды қолданудың бірыңғай тәсілін қамтамасыз етеді.