"Наурыз" мерекесі аясында Қазақстанның оңтүстік және батыс өңірлерінде "тазалық эстафетасы"экологиялық акциясы өткізілді.

"Наурыз" мерекесі аясында Қазақстанның оңтүстік және батыс өңірлерінде "тазалық эстафетасы"экологиялық акциясы өткізілді.

Климаттық жағдайларды ескере отырып, іс-шара Қазақстанның жеті өңірінде, атап өтсек Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Атырау, Жетісу облыстарында және Алматы қаласында өтті.

Іс-шараға 90 мыңнан астам адам қатысты. Акцияға қатысушылар рекреациялық аймақтарға тәртіп орнатып, көшелер мен саябақтарды тазартты. Сонымен қатар,  аймақтар көгалдандырылып, гүлдер мен ағаштар отырғызылды.

Акция барысында 18 мың тоннадан астам қалдық жиналды. Жиналған қоқыс сұрыпталды, қайта өңдеуге 800 тонна шыны, 1700 тонна пластик, 540 тонна резеңке, 1500 тонна қағаз және картон және 340 тонна металл берілді.