Тексеру нәтижелері бойынша бірқатар бұзушылықтар анықталды: қалдықтарды сақтау және араластыру, қалдықтарды есепке алу журналының болмауы, топырақтың мұнай өнімдерімен ластануы, сондай-ақ асфальт-бетон зауыты мен ДСУ-да (№8 учаске) қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың болмауы.
Биыл сот тәртібімен 258 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл толық көлемде өндірілді.
Бүгінгі таңда экология департаментінің нұсқауы бойынша кәсіпорын анықтаған бұзушылықтар жойылды.