Комитет төрағасы Жомарт Әлиев төрағаның орынбасары Ерболат Қожықовпен және Экологиялық реттеу басқармасының салалық мамандарымен бірлесіп, Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг өкілдерімен кеңес өткізді, онда кешенді экологиялық рұқсат (КЭР) алу шарттары талқыланды.

Экологиялық кодекске сәйкес КЭР-ге көшу қоршаған ортаға теріс әсерді төмендетудің және экологиялық жағдайды жақсартудың тиімді құралы болып табылатын ең үздік қолжетімді технологияларды (ҮҚТ) енгізу шартымен көзделген.

Кездесу барысында КЭР алуға болатын жағдайлар талқыланды: жобалардың мазмұны, технологиялық нормативтерді айқындаудың негіздемесі, экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасы, сондай-ақ ҮҚТ қолдану.

Кездесу қорытындысы бойынша КЭР алу жұмыстарын бірлесіп пысықтау, сондай-ақ еліміздің барлық ірі табиғат пайдаланушыларының қатысуымен кеңейтілген кеңес өткізу туралы шешім қабылданды.