"Қазцинк" ЖШС Өскемен металлургиялық кешеніне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

"Қазцинк" ЖШС Өскемен металлургиялық кешеніне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Келіп түскен өтініш негізінде ШҚО бойынша экология департаментінің мамандары кәсіпорынның ластаушы заттар шығару көздеріне тексеріс жүргізе отырып, өлшеулер жасады.  

Талдаулар күкірт диоксиді мен көміртегі оксиді бойынша шекті нормативтен асып кеткенін көрсетті.

Сонымен қатар, күйдіру цехында рұқсат етілмеген шығарынды көзі анықталды.

ексеу қорытындысы бойынша кәсіпорынға жалпы сомасы 45 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.

Сондай-ақ, ШРК нормативтеріне қол жеткізу және шығарындыларды тазарту және (немесе) бақылау үшін ақаулы жабдықты қалпына келтіру бойынша тиімді табиғат қорғау іс-шараларын жүргізу қажеттілігі туралы нұсқама берілді.