
Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жалпы сомасы 13 млрд.теңгеге 2042 айыппұл салынды және оларды жою туралы нұсқама берілді.
Мысалы:
✅Батыс Қазақстан облысында "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В." атмосфералық ауаға шығарындылар нормативтерін асырғаны үшін 164 млн.теңге көлемінде айыппұл салынды және өндірілді.
✅Қызылорда облысында атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындылары үшін экологиялық рұқсатсыз "Бейнеу-Шымкент Газ Құбыры" ЖШС-не 523 млн.теңге көлемінде айыппұл салынды және өндірілді.
✅Атырау облысында эмиссиялар нормативін асырғаны үшін "Теңізшевройл" ЖШС-мен 2 млрд.теңге көлемінде айыппұл салынды және өндірілді. Тиісті рұқсатсыз жергілікті жердің рельефіне төгілгені үшін "Karabatan Utility Solutions" ЖШС-мен 7 млрд.теңге көлемінде айыппұл салынды және өндірілді.
✅Абай облысында рұқсат беру шарттарын орындамағаны және эмиссиялар нормаларын асырғаны үшін "Алел қаржы-инвестициялық корпорациясы" АҚ-ға 98 млн.теңге көлемінде айыппұл салынды және өндірілді.
Эколог️иялық заңнаманың бұзылуын анықтау бойынша жұмыс тұрақты бақылауда.