
Төрағаның орынбасары Ермек Омаров 2023 жылғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың нәтижелерін ұсынып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін айтты.
Сондай-ақ, Қарағанды және Павлодар облыстары бойынша экология департаменттері басшыларының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау барысында анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар туралы есептері тыңдалды.
Отырысқа қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген соңғы түзетулер түсіндіріліп, оны сақтау жөнінде тапсырмалар берілді.