Комитет сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік танытады.

Комитет сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік танытады.

Комитет және аумақтық экология департаменттері қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру мақсатында сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау бойынша профилактикалық іс-шаралар, семинарлар мен дәрістер тұрақты негізде өткізіледі. 

2023 жылы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің комплаенс-офицерлерінің қатысуымен 10 кеңес өткізілді.

Қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында барлық мемлекеттік қызметшілер шектеулерге қол қойылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар енгізілді. Комитет төрағасы мен экология департаменттерінің басшылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау бойынша меморандумдар жасалды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ведомствоның басым міндеттерінің бірі болып табылады және  әрқашан тұрақты бақылауда.