Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті атмосфераға ластаушы заттардың нормативтен тыс шығарындылары фактісі бойынша "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В." (ҚПО Б.В) компаниясының Қазақстандық филиалына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Тексеру барысында Қарашығанақ қайта өңдеу кешенінің төмен қысымды алауында жалпы көлемі 48,3 тонна атмосфераны ластаушы заттардың нормативтен тыс бірнеше рет шығарылу фактілері анықталды.

Шығарындылар нормативтерінің асып кетуінің себебі күйдірілетін газ құрамының өзгерісі болды, нәтижесінде күкірт пен меркаптан бойынша көрсеткіштер асып түсті.

Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру шарттарын, сондай-ақ ҚР Экологиялық кодексінің 39-бабының және ҚР ӘҚБтК-нің 328-бабының талаптарын сақтамағаны үшін кәсіпорынға 164 миллион теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды, ол мемлекет кірісіне толығымен өндірілді.