Түркістан облысының тұрғындарымен кездесу

Түркістан облысының тұрғындарымен кездесу
Түркістан облысы бойынша жұмыс сапары барысында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев және Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Жомарт Әлиев өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, Министрліктің қызметі саласындағы жергілікті тұрғындарды толғандыратын көптеген сұрақтарға жауап берді. 
 Іс-шара Түркістан қаласының «Ұлы Дала Елі орталығы» ғимаратында, облыс, аудандар әкімдігі өкілдерінің, экология Министрлігінің аумақтық бөлімшелері, облыс әкімдігі басқармалары мен үкіметтік емес ұйымдар басшыларының қатысуымен өтті. 
 Кездесудің әкімдік, Министрліктің ресми Интернет-ресурстарында тікелей көрсетілімі, «ZOOM» арқылы қосылу, Facebook әлеуметтік желісінде тікелей көрсетілімі ұйымдастырылды. 
 Түркістан облысындағы экологиялық жағдай салыстырмалы түрде қолайлы болып саналады. Облыс бойынша зиянды заттар шығарындыларының нақты көлемі ағымдағы жылдың 9 айында 14,3 мың тоннаны құрады, бұған табиғат қорғау іс-шараларын іске асыру есебінен қол жеткізілді. 
 Экологиялық проблемаларды шешу бойынша Жол картасына енген 21 іс-шараның ішінде 9 іс-шара орындалды, атап айтқанда: 
- қалалық қазандықты газға ауыстырумен жаңғырту; 
- Түркістан қаласы мен облыс аудандарының жеке секторын газдандыру жүргізілді;
- жасыл желектерді түгендеу және т.б. жүзеге асырылды. 
 Ордабасы ауданындағы кірпіш зауыттарының қызметін тексеру қорытындысы туралы жергілікті тұрғындардың көптеген шағымдары бойынша 14 тексеру жүргізілді, 18 экологиялық бұзушылық анықталды, ұйғарымдар берілді, 3,4 млн.теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұлдар салынды. 
Аудан әкімдігіне кірпіш зауыттарын қатты отыннан табиғи газға ауыстыру мәселесін қарастыру ұсынылды. 
 Рұқсат етілмеген полигондардың өсуі, ҚТҚ полигондарының нормаларға сәйкес келмеуі және қалдықтармен басқарудың дамымаған инфрақұрылымы да өзекті болып қала береді. Космомониторинг аясында биыл өңірде 414 полигон анықталды, оның 87% (364 полигон) жойылды. 
 Орман шаруашылығы саласында Президенттің 2 млрд. ағаш отырғызу бастамасы аясында биыл облыста 32,8 млн. дана отырғызу жоспарлануда. жыл басынан бері 20,3 мың гектар алқапқа 4,3 млн. дана ағаш отырғызылды. 
 Түркістан облысында балық саласын дамытудың айтарлықтай әлеуеті бар. Мәселен, биыл өңір бойынша 6,6 тонна тауарлық балық өсіру жоспарланған, жыл басынан бері 3,7 мың тонна өсірілді, тұқы мен форель өсіру бойынша 3 торлы және 16 тоған балық өсіру шаруашылықтары құрылды.
 Кездесу аяқталғаннан кейін Министр баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, азаматтарды жеке қабылдады.