
Атырау облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Ошурбаев қоқыс сұрыптау кешенінің жұмысымен танысты.
Бұл кездесу а. ж. 27 қыркүйегінде депутат А. Хайруллин бастаған Атырау облыстық мәслихатының бірқатар депутаттарының экология министрі сапарының нәтижесінде вице-министрдің жоспарланған іс-шараларынан тыс өтті.
2022 жылы Атырау қаласының оң жағында жеке инвестордың есебінен қоқыс сұрыптау желісінің құрылысы аяқталды. Жобалық қуаты жылына 150 000 тонна, инвестиция көлемі - 3,0 млрд теңге. Болашақта инвестор компост шығаратын зауытты іске қосуды жоспарлап отыр.
Вице-министр атап өткендей, қоқысты сұрыптайтын кешенді жабдықтың құрылысы қоқысты сұрыптауға және қайта өңдеу үшін әлеуетті шикізатты бөлуге арналған.
Экология министрлігі қатты тұрмыстық қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясатты жүргізу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде, қалдықтар мен химиялық заттарды реттеу саласында шарттар жүргізілуде, өнеркәсіптік қалдықтарды басқару саласында мемлекеттік саясат жүргізілуде, өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару саласында мемлекеттік инвестициялық саясаты жүзеге асырылуда.
А. ж. 26 қыркүйегінде ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев ҚР Үкіметінің отырысында қоқыс үйінділерінің жағдайы туралы баяндады. Қоқыс сұрыптау кешенінің құрылысы бұрын айтылған мәселелерді шешудің бірі болып табылады.
Қоқыс сұрыптау кешені заманауи жабдықтармен жабдықталған, алайда кәсіпорын иелері атап өткендей, Атырау облысының әкімдігімен бірлесіп шешу қажет бірқатар проблемалық мәселелер бар.
Атырау облысы әкімдігінің ақпаратына сәйкес қоқыс сұрыптау желісін ағымдағы жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланған.