Алқа отырысына 20 аумақтық экология департаментінің басшылары мен олардың орынбасарлары қатысты. ‼ Өткен жылдың қорытындысы келесідей:
-2023 жылдың І жартыжылдығында Комитет оның аумақтық бөлімшелерімен 4107 Мемлекеттік қызмет көрсетті.
- 2020-2023 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарда белгіленген қоршаған ортаға эмиссиялардың нысаналы индикаторларына қол жеткізілді. Мемлекеттік қызметтер көрсету шеңберінде Комитет кәсіпорындардың эмиссияларды төмендетуге бағытталған іс-шараларды енгізу жөніндегі жұмысты енгізеді.
-Өңірлердің экологиялық проблемаларын кешенді шешу бойынша 485 іс-шараны іске асыру көзделген Жол карталары өзектендірілді. 2023 жылы 76 іс-шара көзделген, оның ішінде 1 жартыжылдықта-12, 7 немесе 58% орындалды.
- Аумақтық экология департаменттерінің экологиялық инспекциясы есепті кезеңде 312 тексеру жүргізді. Оның ішінде 273 жоспардан тыс, 39 өзге нысандар;
666 бұзушылық анықталды, 240 нұсқама берілді;
Жалпы сомасы 7 млрд теңгеге 868 әкімшілік айыппұл салынды, жалпы сомасы 431 млн теңгеге 760 әкімшілік айыппұл төленді.
2023 жылдың 6 айында мемлекет кірісіне жалпы сомасы 724 млн теңгеге 810 әкімшілік айыппұл өндірілді;
-Қолданыстағы Экологиялық кодекске ҚОӘБ қамту саласын айқындау туралы қорытындылар беру мерзімдерін қысқарту, қоғамдық тыңдаулар өткізу рәсімдерінің өзгерістері бөлігінде түзетулер енгізілді.
-Экокодекстің 182-бабына сәйкес I және II санаттағы объектілердің операторлары өндірістік экологиялық бақылауды жүзеге асыруға міндетті. Бұл норма 2023 жылғы 01 қаңтарда күшіне енді. Комитет тиісті НҚА әзірлеп, бекітті, экология бойынша есептіліктің барлық нысандарын оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізді.
-Ірі кәсіпорындардың мониторингтік деректерін талдау қорытындысы бойынша алдын ала 93 кәсіпорын анықталды, олар АМЖ белгілеуі тиіс. Оның ішінде бүгінгі таңда 14 кәсіпорын АМЖ енгізді. (15%) Қалғандары енгізу сатысында.
-2023 жылғы 14 тамыздағы жағдай бойынша ғарыштық мониторинг деректеріне сәйкес 3822 рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері анықталды, олардың 28% - ы немесе 1073-і жойылды.
-"Birge – Taza Qazaqstan" акциясы аясында 2023 жылдың 1 тоқсанында республика бойынша 70 мың тоннадан астам қалдықтар жиналды. Жиналған қоқыс сұрыпталды, қайта өңдеуге 8,4 мың тоннадан астам шыны, 13 мың тонна пластик, 5,8 мың тонна резеңке, 7,6 мың тонна қағаз бен картон және 4,2 мың тонна металл берілді.