Бүгін сағат 13: 20-да МАЭК ЖШС тарапынан электр энергиясын авариялық ажыратылуына байланысты "ҚазАзот"АҚ зауытында 2 агрегаттың жұмысы тоқтатылды.

Бүгін сағат 13: 20-да МАЭК ЖШС тарапынан электр энергиясын авариялық ажыратылуына байланысты "ҚазАзот"АҚ зауытында 2 агрегаттың жұмысы тоқтатылды.

Сөндіру нәтижесінде әлсіз азот қышқылының өндірістік цехында атмосфераға нитрозды газдың қысқа мерзімді шығарылуы орын алды.
Экология департаментінің қызметкерлері кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймағында атмосфералық ауаны өлшеуді жүзеге асырды, ластаушы заттардың ШРК асып кетуі тіркелген жоқ.
Қазіргі уақытта Департамент "ҚазАзот" АҚ-ға қатысты жоспардан тыс тексеруді ашу бойынша жұмыс жүргізуде.