2020 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.

2020 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.

2020 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Отырыс барысында төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бойынша экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ұсыныстары мақұлданды. Бұл:

  • табиғат пайдаланушылардың табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру мерзімдерін қайта қарау және 2020 жылдың 1 тоқсаны үшін 2020 жылдың шілде айына берілетін есептерді тапсыру бойынша;
  • халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға ықтимал жаппай қауіп төндіретін жағдайларды қоспағанда, алдын алу бақылау іс-шараларын, қоршаған ортаны қорғау саласындағы тексерулерді, сотқа талап қою бағыттарын жүргізуді тоқтата тұру бойынша;
  • төтенше жағдай кезінде экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің құрылыс жоспарланған жобалар бойынша бейнеконференцбайланыс форматында немесе сұрау форматында қоғамдық тыңдаулар өткізуі бойынша.

Төтенше жағдай аяқталғаннан кейін республика аумағында жұмыс барлық бағыттар бойынша жаңғыртылатын болады.

Өз кезегінде, министрлік елдегі экологиялық жағдайды тұрақты бақылауда ұстайды және халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға жаппай қауіп төнген жағдайда инспекторлық әрекет ету шараларын қабылдайды.