Жамбыл облысында мыс кенін өңдеу және байыту фабрикасының заңсыз құрылысы анықталды

Жамбыл облысында мыс кенін өңдеу және байыту фабрикасының заңсыз құрылысы анықталды

Ағымдағы жылдың 16 мамырында экология департаментінің қызметкерлері "XAQMEDIA" журналистік тергеу агенттігінің журналисті М. О. Жатқанбаевамен және мәслихат депутаттарымен бірлесіп, Жамбыл облысы, Шу ауданының тұрғындарымен "Қазақмыс "корпорациясы"ЖШС мыс кенін өңдеу және байыту фабрикасын салудың заңдылығы мәселесі бойынша кездесу өткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша экология департаментімен жоспардан тыс тексеру тағайындалды.

Шатыркөл кенішінде фабриканың құрылысы экологиялық рұқсатсыз жүзеге асырылғаны анықталды, бұл ҚР Экологиялық кодексінің 106-бабының 5-тармағын бұзу болып табылады.

Осы факті бойынша кәсіпорынға 29,2 млн. теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, сондай-ақ бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Сонымен қатар, Департамент рұқсат құжаттарын алғанға дейін зауыт құрылысын тоқтата тұру туралы сотқа талап арыз берді.