"Ақжайық" ГТР аумағында қамыстың өртенгені туралы

"Ақжайық" ГТР аумағында қамыстың өртенгені туралы
2023 жылғы 2 сәуірде сағат 09:12-де Атырау Төтенше жағдайлар департаменті "Ақжайық" ГТР аумағында, Дамба ауылынан 30 шақырым жерде қамыстың өртенгені туралы хабарлады.

Ресми деректер бойынша жалпы өрттің аумағы 89,5 га.

Елді мекенге таралу қаупі анықталған жоқ.

Air.kz. сайтына сәйкес 2023 жылғы 3 сәуірде ластаушы заттардың асып кетуі анықталған жоқ. Бұл кезде желдің бағыты шығыстан болды. Яғни, жел бағытында түтін қалаға қарай жүрді.

Сол күні экология департаментінің мамандары бөгет кентіндегі атмосфералық ауаға мониторинг жүргізді. Мониторинг асып кету фактісін растаған жоқ.

Жүргізілген мониторингтік жұмыстардың қорытындылары ашық брифинг өткізу арқылы халыққа дереу түсіндірілді.

Іс-шара Атырау облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары С.Тлегеновтың, "Ақжайық" резерваты бөлімінің басшысы Г. Ағыбаевтың, №7 Атырау қалалық емханасының басшысы Г. Танбаеваның, Атырау облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Ж. Ақтаевтың қатысуымен өткізілді.

Бұдан басқа, АМӨЗ және KPI-де апаттық жағдай анықталды, осыған байланысты
Атырау қаласында атмосфералық ауаның ластану фактісі бойынша компанияларға қатысты жоспардан тыс тексерулер ашу бойынша жұмыс басталды.