✅Күкіртті заңсыз сақтау

✅Күкіртті заңсыз сақтау

Атырау облысы бойынша экология департаменті "Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В." компаниясының қызметіне тексеру жүргізді.
Тексеру экологиялық заңнаманың келесі бұзушылықтарын анықтады:
🔹1 млн тоннадан астам көлемде "Болашақ" МКҚК қоймалау алаңдарында күкіртті нормативтен тыс орналастыруды жүзеге асырады.
🔹 келісілген жобалық құжаттарсыз және экологиялық рұқсатсыз пайдаланылған сілтіні қалпына келтіру үшін күкірт қышқылын сақтаудың уақытша алаңы пайдаланылады
🔹қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс шаралар жоспары толық көлемде орындалмайды
🔹 тиісті тазартусыз ағынды суларды буландырғыш тоғанға ағызу жүзеге асырылады
🔹мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысында көзделген талаптарды орындамады,  
🔹қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның келісімінсіз шлам аулағышты қайта бейіндеу жүзеге асырылды
🔹тазартылмаған шикі газды алауларда экологиялық рұқсатсыз жағу жүзеге асырылды  
🔹рұқсат құжаттары жоқ ткжо объектісінің булану сыйымдылықтарында өз бетінше эмиссиялар жүзеге асырылды
Жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша компанияға қатысты ҚР ӘҚБтК 324-бабының 1-бөлігі, 325-бабының 1-бөлігі, 326-бабының 1-бөлігі, 328-бабының 1-бөлігі, 331-бабының 3-бөлігі, 332-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Қазіргі уақытта компанияның келіп түскен өтінішхаты негізінде қозғалған материалдар Атырау қаласының әкімшілік сотында қаралуда.
Сот талқылауының нәтижелері қосымша жарияланатын болады.