Министрлік кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеуші саясатты енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде

Министрлік кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеуші саясатты енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде
Қазіргі уақытта ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасымен заңнамалық актілерге түзетулер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

330 реттеу актісі және 5987 талап қайта қаралды, оның ішінде 597 талап базалық шарттарға сәйкес келмегендіктен өзгерістер енгізуді талап етеді. Олардың тізімі қалыптастырылып, өзгерістер енгізу кестесі бекітілді.

Бұл бағыттағы жұмыс тобының отырысы күн сайын өткізіледі, олардың қатарына мүдделі мемлекеттік органдардан басқа, "Атамекен" ҰКП, бизнес өкілдері мен жұртшылық кіреді. Бүгінгі күн де ерекшелік болған жоқ, барлығы 66 отырыс өткізілді.

Кездесулер шеңберінде түзетулердің редакциялары салыстырмалы кесте түрінде қалыптастырылады.

Түзетулер келесі мәселелерді қамтиды: қоршаған ортаға әсерді бағалауды қамту саласын айқындау туралы қорытындыларды беру мерзімдерін 32 күннен 22 күнге дейін қысқарту, ҚОӘБ нәтижелері бойынша қорытындыларды 39 күннен 30 күнге дейін қысқарту, ҚОӘБ есебінің жобасын қарау басталғанға дейін және қарау процесінде қоғамдық тыңдаулар өткізу, егер жобаға елеулі өзгерістер енгізілсе, жұртшылықтың ескертулері мен ұсыныстары орындалмаса, не оларды өткізу тәртібіне қойылатын талаптардың бұзылуына жол берілсе қайта қоғамдық тыңдаулар өткізуді.

Экологиялық реттеу бөлігінде 11 нормативтік-құқықтық акт өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жатады, оның ішінде, экологиялық реттеу мен сараптама, қалдықтарды басқару, қоғамдық тыңдаулар бөлігінде 60 түзету көзделген Экологиялық кодекске өзгерістер енгізу туралы Заңның 1 жобасы.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.