Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Қонаев қаласында

Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Қонаев қаласында

Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Қонаев қаласында

2022 жылғы 28 қазанда экология комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов экология министрі Серікқали Брекешевпен бірге Қонаев қаласына барды.

Сапар барысында Қапшағай ГЭС жұмысымен танысты, облыс орталығының кәріз жүйелерін, ағынды суларды тазарту құрылыстарын тексерді.

Алматы облысында а.ж. 9 айының қорытындысы бойынша қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі 15,9% -ды құрады. Өңірде 340 заңды-заңсыз полигон анықталды, олардың жартысынан көбі жойылды. Министрлік жергілікті әкімдікке коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны әзірлеп, бекітуді ұсынды.

Сол күні қалалық мәдениет үйінде жұртшылықпен кездесу өтті, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың баяндамалары тыңдалды.

❗Өңірдің қоршаған ортасының жай күйін жақсарту мақсатында  мемлекеттік органдарға тапсырылды:
🔹Алматы облысының экологиялық проблемаларын шешу бойынша Жол картасының іс-шараларын жүзеге асыру бойынша  шаралар қабылдау.
🔹қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы төлеуге түсетін қаражаттың 100% пайдалану бөлігінде жаңа экологиялық және бюджеттік кодекстердің енгізілуіне байланысты Алматы облысы мен Жетісу облысының табиғатты қорғау іс-шараларының жоспарларын өзектендіру.
🔹ҚТҚ полигондарының жай-күйін жақсарту және оларды тиісінше жайластыру жөнінде шаралар қабылдау.
🔹шағын және орта бизнес субъектілерін ҚТҚ кәдеге жарату, сұрыптау және қайта өңдеу саласына белсенді тарту.
🔹аймақтағы коммуналдық қалдықтарды басқару жағдайы туралы халықты хабардар ету.
🔹коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі кешенді бағдарламаны әзірлеу және бекіту.
🔹Алматы облысының әкімдігі экологиялық төлемдерден түсетін қаражат есебінен өңірдің тазарту құрылыстарын жөндеу мен реконструкциялауды қаржыландыру мәселесін қарау.