Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Жетісу облысының экологиялық жағдайы  туралы

Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Жетісу облысының экологиялық жағдайы  туралы

Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Жетісу облысының экологиялық жағдайы  туралы  
 
2022 жылғы 29 қазанда экология комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов экология министрі Серікқали Брекешевпен бірге Талдықорған қаласының тұрғындарымен кездесті.
 
Кездесу Жетісу облысы университетінің қабырғасында өтті.
 
Жалпы, облыстың экологиялық жағдайы салыстырмалы түрде қолайлы. Алматы облысының экологиялық проблемаларын кешенді шешу бойынша Жол картасының 6 іс-шарасы Жетісу облысына бекітіліп, оның келесі бөліктерінің орындалуы толығымен аяқталды:
🔹Талдықорған қаласының, Көксу және Ескелді аудандарының 6 қазандығы газға ауыстырылды,
🔹 Ескелді ауданының кәріз желілері мен тазарту құрылыстарын реконструкциялау жүргізілуде.
🔹Талдықорған қаласының LED-экрандарында атмосфералық ауаның сапасы туралы ақпарат орналастырылады
 
Қараша айының соңына дейін жұртшылықпен бірлесіп жеке жол картасы әзірленетін болады.

Сонымен қатар, кездесу барысында өңірдегі экологиялық проблемалар қозғалды, бұл-қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесінің төмен көрсеткіші (5,6%). Биыл ғана космомониторингпен 142 полигон анықталды, оның 63-і жойылды.
 
Қоршаған ортаның жағдайын жақсарту үшін мүдделі мемлекеттік органдарға тапсырылды:
🔹халықпен кездесу кестесін бекітіп, өңір жұртшылығымен тұрақты негізде есептік кездесулер өткізуді.
🔹жер қойнауын заңсыз пайдалану фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша рейдтік іс-шараларды тұрақты негізде жүргізу.
🔹 экологиялық төлемдерден түскен қаражат есебінен облыстағы тазарту құрылыстарын жөндеу мен реконструкциялауды қаржыландыру мәселесін қарастыру;
🔹 ҚТҚ полигондарының жай-күйін жақсарту және оларды дұрыс орналастыру жөнінде шаралар қабылдау, сондай-ақ коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу бағдарламасын әзірлеу және бекіту;
🔹ингредиенттер бойынша ауа сапасының жылжымалы жүйелерін қаржыландыру мәселесін қарастыру.