Экология комитетінің төрағасы оңтүстік өңірлерге барды

Экология комитетінің төрағасы оңтүстік өңірлерге барды

Экология комитетінің төрағасы оңтүстік өңірлерге барды
 
Қарашаның 11 мен 12 аралығында экология комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов экология министрі Серікқали Брекешевпен бірге үш өңірде Түркістан, Жамбыл облыстарында және Шымкент қаласында жұмыс сапарымен болды.
 
Бірінші күні Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесу өткізілді. Кездесу М. Әуезов атындағы университет және "Ұлы Дала елі" орталығының қабырғасында өтті.

Келесі күні Тараз қаласындағы М. Х. Дулати университетінің ғимаратында халықпен кездесу өтті.
 
Жергілікті тұрғындар атмосфералық ауаның сапасы, ескірген тазарту қондырғылары, қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу, су және орман шаруашылығы сияқты өзекті экологиялық проблемаларды көтерді.
 
Атап айтқанда, Шымкент қаласының азаматтарын қаланың ең ірі ластаушыларының бірі болып табылатын "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" мұнай өңдеу зауытының қызметі толғандырады.
Тараз қаласының халқын толғандыратын тақырып "Қазфосфат" ЖШС-нің Тараз қаласының өнеркәсіптік бөлігінде қалдықтардың үйінділерін орналастыратын Минералды тыңайтқыштардың қызметі болды.
 Кәсіпорындарға зиянды әсерді азайту, айналаны көгалдандыру, қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу бойынша ұсыныстар берілді.

Қазіргі уақытта үш өңірде, қалған өңірлерде сияқты, экологиялық проблемаларды кешенді шешу жөніндегі жол картасы жұмыс істейді, ол қоршаған ортаның проблемалық мәселелерін шешу жөніндегі іс-шараларды қамтиды.
 
Үш облыстың экологиялық жағдайын жақсарту үшін мүдделі мемлекеттік органдарға тапсырылды:
🔹 ҚТҚ полигондарының жай-күйін және оларды тиісті күтіп-ұстауды жақсарту жөнінде шаралар қабылдау.
🔹 Түркістан облысының әкімдігіне облыстың су шаруашылығын дамыту үшін жаңа "Қарашық" су қоймасын салу жөнінде ұсыныс енгізу.
 🔹Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мәселелері бойынша халықпен кездесулер өткізу.
 🔹Рұқсат етілмеген полигондарды жою бойынша қоғамдық бақылау жүргізуді ұйымдастыру
 🔹 Атмосфералық ауаның жай-күйін жан-жақты талдау және мониторингтің автоматтандырылған желілерін күшейту үшін заманауи зертханалар құру мәселесін пысықтау.