Комитет төрағасы Зулфухар Жолдасов Сырдария өзені бассейнінің қоршаған ортаны қорғау және су сапасы мәселелері жөніндегі Қазақстан-Өзбекстан бірлескен жұмыс тобының 5-отырысына қатысты
14-15 желтоқсанда Ташкент қаласында гибридті форматта Сырдария өзені бассейнінің қоршаған ортаны қорғау және су сапасы мәселелері жөніндегі Қазақстан-Өзбекстан бірлескен жұмыс тобының (комиссиясының) 5-ші отырысы өтті.
Байқаушылар ретінде Қырғызстан және Тәжікстан республикаларының өкілдері шақырылды.
Отырыста Сырдария өзені суының сапасына 28 көрсеткіш бойынша мониторинг жүргізу, өзен сапасының жай-күйіне теріс әсер ететін ластану көздерін бақылау және қабылданып жатқан шаралар мәселелері талқыланды.
Тараптар биылғы жылы жүргізілген су жағдайына екіжақты мониторинг нәтижелерін ұсынды, сондай-ақ бақылау-инспекциялық қызмет бойынша тәжірибе алмасты. Бұдан басқа, өндірістік және коммуналдық сарқынды суларды тазарту құрылыстары бар екі елдің аумағындағы объектілерге барды. Өзбекстан тарапынан бұл Чирчик қаласындағы "ЧирчикТекс" АҚ, Қазақстан аумағында "ПетроҚазақстанОйл Продактс" ЖШС және Шымкент қ.КОС.
Кездесу барысында Сырдария трансшекаралық өзенінің экожүйесін сақтау және қалпына келтіру жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар бағдарламасының жобасы қаралды, онда өзеннің ластану көздерін анықтау және жою жөніндегі іс-шаралар көзделген.
Кездесу аясында Қазақстандық тарап қолданыстағы келісім негізінде Сырдария өзенінің сапасы мәселесі бойынша 4 жақты жұмыс тобын құру мәселесін қарап, байқаушы елдерді қосуды ұсынды.
Кездесу қорытындысы бойынша комиссияның 2023 жылға арналған Жұмыс жоспары бекітілді.