"Кенжебай" кен орнында төрт жер қойнауын пайдаланушының қызметі тоқтатылды

"Кенжебай" кен орнында төрт жер қойнауын пайдаланушының қызметі тоқтатылды
2021 жылдың қыркүйегінде Ақмола облысы Жаңаесіл ауылдық округінің тұрғындары "Кенжебай" жер асты сулары кен орнының контурында құм өндіру бойынша карьерлердің қызметін тоқтату туралы шағым түсірді.
Халық ауылдық округ аумағында ауыз судың сақталуын қолдады.
2017 жылдан 2018 жылға дейін "Азимут-Геология" ЖШС компаниясы Целиноград ауданы ауылдарының жер асты суларының қорларымен қамтамасыз ету үшін іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізді.
Жұмыстардың мақсаты: Целиноград ауданының ауылдық елді мекендерін шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жер асты суларының қорларымен қамтамасыз ету.
Барланған қорлардың едәуір көлемін, санатын және санын ескере отырып, Есіл өзенінің аңғарындағы бөлінген учаске жер асты суларының кен орны болып саналады және "Кенжебай" атауын береді.
Кен орнының аумағында жер қойнауын пайдаланушылар: "Асыл-Тас-1", "СП КУМ", "Esil - Sand" және "EsilАБC".
Бұған дейін Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен кәсіпорындарға Целиноград ауданында құрылыс құмын өндіруге оң қорытынды берілді.
Жер асты сулары кен орнының маңыздылығына байланысты Ақмола облысы бойынша экология департаменті берілген рұқсат құжаттарын сот тәртібімен қайтарып алды.
Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы қолданыстағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды бұзу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдады.
Қазіргі уақытта барлық төрт кәсіпорын шаруашылық қызметті атқармайды.