Брифинг

Брифинг
🔹 Өткен аптада Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов Ақтөбе халқымен кездесіп, өңірлік ОКҚ-де брифингінде қатысты
Сонымен қатар, «Актобе Дыши», «Воздух Актобе», «Эко достар Актобе», «Актобеэко», «Кокжиде эко», «Экологическое решение Актобе" өкілдерімен кездесу өткізілді.
Мақсаты - облыстың экологиялық мәселелерін шешу және халықты қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар ету.
Жергілікті тұрғындарды аймақтың экологиясына қатысты екі мәселе алаңдатады. Олар - атмосфералық ауаның және Көкжиде жерасты сулары бірегей кен орнының жай-күйі.
1️⃣атмосфералық ауа бойынша
🔹қала атмосферасының күкіртсутегімен ластануы кәріздік тазарту құрылыстарының тиімсіз қызметінің салдарынан орын алады. Ақтөбе облысының экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі Жол картасына сәйкес КТҚ-ны реконструкциялау мен жаңғырту 2025 жылға дейін көзделген.
🔹Ақтөбе ферроқорытпа зауыты (ластану көздерінің бірі болып табылатын) 1 және 2 цехтардың пештерін қайта құру бойынша жұмыстар аяқталуда, сондай-ақ электр сүзгілерін жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде, олар ластаушы заттардың шығарындыларын жылына 2 мың тоннаға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
🔹67 аспирациялық қондырғы ауыстырылды, бұл қатты ластаушы заттардың шығарындыларын 3 есе, газ тәріздес шығарындыларды 4 есе азайтуға мүмкіндік береді.
🔹АХҚЗ 1 Электр және 6 жең сүзгілерін орнатты, бұл шығарындыларды тиісінше 63% және 38% - ға төмендетуге мүмкіндік берді.
🔹Шығарылған газдарды тазарту жүйелерін жаңғырту және ауыстыру арқылы шығарындылардың жалпы төмендеуі 19% құрайды.
2️⃣Көкжиде Кен Орны
🔹 Кен орны шегінде көмірсутек шикізатының 8 жер қойнауын пайдаланушысы қарқынды жұмыс жүргізуде. Олар: "СНПС-Ақтөбемұнайгаз "АҚ," Фирма Ада Ойл "ЖШС," Өріктау Оперейтинг "ЖШС," КМК Мұнай "АҚ және"Қазақойл Ақтөбе" ЖШС.
🔹Экология департаменті жер қойнауын пайдаланушылардың қызметінде ҚР экологиялық заңнамасын бұзушылықтарды анықтады.
🔹Көкжиде ауыз су кен орнының бірегейлігін және оның стратегиялық маңыздылығын ескере отырып, "Көкжиде бірегей жер асты су кен орнын сақтау жөніндегі іс-шаралар бірлескен жоспары" бекітілді.
🔹Жер асты сулары кен орны мен Көкжиде құм сілемінің контурлары шегінде орналасқан ұңғымалар қорына зерттеу жүргізілді, сондай-ақ кен орнында бұрын жүргізілген зерттеулер материалдарын зерделеу жүргізілді.
🔹Қазіргі уақытта, іс-шаралар жоспарына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың келесі қызметі бойынша мәселе қарастырылуда.