✅"Фик Алел"АҚ қызметінде өрескел бұзушылықтар анықталды

✅"Фик Алел"АҚ қызметінде өрескел бұзушылықтар анықталды
Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының шағымдары бойынша ағымдағы жылдың тамыз айында "ФИК Алел"АҚ-ның қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Тексеру барысында келесі заңдылықты бұзушылықтар анықталды:
🔹️Өндірістік цехтың газ құбырында жыланкөздің болуы, қазандықтың электр қозғалтқышының газ құбырында герметизацияның болмауы.
🔹️Қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастырмау, олармен аумақтың қоқысталуы, сондай-ақ бұрын әкетілген қалдықтарды жерге көму.
🔹️Көмір қоймасының белгіленген алаңын ұлғайту бөлігінде мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының талаптарын орындамау.
🔹️Өлшенген заттар, аммиак, сульфат, хлорид, полифосфаттар бойынша эмиссиялардың белгіленген нормаларынан асып кету.
🔹️Кәсіпорынның 2020-2021 жылдар аралығындағы профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды толық көлемде жоймау. Бұл факті бойынша материалдар сотқа жолданды.
Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 4 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Бұдан басқа, қалдықтар бөлігінде ремедиациялау бағдарламасын әзірлеу және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді.