Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов Атырау облысы Құлсары қаласының тұрғындарымен кездесті
Жылыой ауданы кәсіпорындарының өкілдерімен және жұртшылығымен кездесу барысында "Теңізшевройл" және "Sat Trans service" компаниялары қызметінің қоршаған ортаның жай-күйіне әсері, коммуналдық қалдықтар, аудан аумағындағы рұқсат етілмеген қоқыс үйінділеріне қатысты проблемалары талқыланды.
Төраға экологиялық проблемаларды шешуге қаржыландыру кәсіпорындардың қоршаған ортаға эмиссиясы үшін төлемдер, сондай-ақ Құлсары қаласынан шыққан кезде жерді мұнай өнімдерімен ластанудан тазарту қажеттілігі есебінен болуы тиіс екенін атап өтті.
Бұрын мұндай ластану Құлсары-Бейнеу трассасының оң жақ бағытында шамамен 250-300 метр қашықтықта орнатылған болатын. Шашыраңқы қалдықтарды жинау, сондай-ақ құрылыс қоқыстарын тазарту жұмыстары осы аумақтан 60-70 метр қашықтықта жүргізіледі.
Сондай-ақ, ауданда кәріз тазарту құрылыстарын, аудандағы коммуналдық қалдықтарды сұрыптау кешендерін салу, қоқыс алаңдары мен қатты тұрмыстық қалдық полигондарын қолданыстағы экологиялық заңнамаға сәйкес келтіру мәселесі көтерілді.
Тиісті тапсырма аудан әкімі аппаратына берілді.
Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен кәсіпорындар басшыларына:
Теңізшевройл ЖШС компаниясы қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шараларды қабылдауға;
Ауданның экологиялық мәселелерін кешенді шешу бойынша Жол картасын жасақтауға тапсырма берді.
Сонымен қатар, З.Жолдасов жұмыс сапары аясында "Эко Техникс" ЖШС, "Sat Trans Service" ЖШС, "Базис Ойл"ЖШС нысандарының жұмысымен танысты. Комитет төрағасы мұнай шламдары бар ашық картаны жабуды, сондай-ақ санитарлық-қорғау аймағында мониторингтің автоматтандырылған жүйесін қарастыруды ұсынды.