ШҚО экология департаменті Комитетпен бірлесіп "Казцинк" ЖШС металлургиялық кешенінің қызметіне тексеріс жүргізді.
Компания өңірдің атмосфералық ауасын ластаудың негізгі ошағы екенін атап өткен жөн.
Анықталғандай "Казцинк" ЖШС қоршаған ортаға нормативтен тыс эмиссияларға жол берілген. Бұл Экологиялық кодекстің 39-бабының 9-тармағын бұзу болып табылады. Сондай-ақ, қоршаған орта эмиссиясын мониторингілеу барысы тиісті түрде талдау жүргізілмейтінін көрсетті, атап айтқанда, ӨЭК бағдарламасы бойынша тексерілетін кезеңдегі есептердегі эмиссиялардың көрсеткіштері әртүрлі, бұл ТТ-ны бұзу болып табылады, яғни Экологиялық Кодекстің 182-бабының 2-тармағына жатады. Бастапқы құжаттамаларды талдау кезінде ҰМУ күндерінде негізгі көздер бойынша төмендеудің жоқтығы анықталды және сол арқылы ҰМУ жанындағы іс-шаралар толық көлемде орындалмайды.
Сонымен қатар, кәсіпорында іріктеудің бақылау нүктелері ГОСТ 17.2.4.07-90 сәйкес келмейді.
Қазіргі уақытта анықталған бұзушылықтар бойынша 10 миллион теңгеден астам әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.
Нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша 10 күн мерзімде қаланың экологиялық жағдайын жақсарту және осыған ұқсас бұзушылықтарды болдырмау үшін атмосфералық ауаға зиянды эмиссияларды қысқарту бойынша табиғатты қорғау іс-шараларының тиімді жоспарын ұсыну қажеттігі туралы нұсқама шығарылды.
Экология департаменті компания қызметін жіті бақылауда ұстайды.
Бұл ретте, жаңа Экологиялық кодекске сәйкес, "Казцинк" ЖШС 2023 жылы автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізуі тиіс.