"Тұрақты даму үшін жауапты бизнес" конференциясы сәтті аяқталды

"Тұрақты даму үшін жауапты бизнес" конференциясы сәтті аяқталды
А.ж. 3 маусымда экология Министрлігінің бастамасымен Ақтау қаласында 200-ден астам компанияның қатысуымен "Тұрақты даму үшін жауапты бизнес" атты ауқымды конференция өтті.
Іс-шара Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орайластырылып, БҰҰ Даму Бағдарламасы, Қазақстан электр энергетикалық Қауымдастығы, Атлас агенттігі және Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Конференцияның тақырыбы бизнесті экологиялық қауіпсіз жүргізуге және осы бағыттағы озық халықаралық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіруге арналған.
Конференцияның бірінші жартысында пленарлық отырыс өтті, онда ERG, SHELL, Pentol GmbH, NCOC сияқты ірі компаниялардың өкілдері экологиялық бизнесті жүргізудің халықаралық және ұлттық тәжірибелерін талқылады.
Конференцияның екінші жартысында екі параллель панельдік сессия өтті, онда атмосфералық ауа, ағынды сулар, қалдықтарды қайта өңдеу, "жасыл" технологияларды енгізу және т. б. тақырыптар қозғалды.
Конференция аясында көрме ұйымдастырылып, компаниялар эко саласындағы өз жетістіктерін көрсетті.
"Бизнес қоғамдастық елдің экономикалық дамуындағы маңызды аспект болып табылады, сондықтан біз олардың қызметін экология үшін барынша зиянсыз етуге тиіспіз", - деп атап өтті министр Серікқали Брекешев өз сөзінде.
Конференция соңында қатысушылар қоршаған орта үшін пайдалы бизнесті одан әрі дамыту тәжірибесімен алмасты.