
Медициналық қалдықтарды жоюына байланысты «АКЛЕР ГРУПП» ЖШС-нің жұмысына Целиноград ауданы Талапкер ауылдық округі тұрғындарының бірнеше рет хабарласуына байланысты, ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетімен Ақмола облысы бойынша экология департаментімен бірлесе отырып, аудан әкімдігінің, жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізілді.
Ерте кезде Ақмола облысы бойынша экология департаменті РММ ҚР Экологиялық кодексі талаптарының сақталуына «АКЛЕР ГРУПП» ЖШС қатысты тексеріс жүргізілді.
Тексеру нәтижелері бойынша кәсіпорын Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің үш бабы бойынша, 80 АЕК мөлшерінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдар толығымен өндірілді. Кәсіпорынға уақытты көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы жазба бұйрық берілді.
Көрсетілген мерзім аяқталған кезде, кәсіпорынмен анықталған бұзушылықтар жойылды. Гидроциклондар орнатылды (ылғалды шаң мен газды тазартатын жабдық), қосымша пешті орнатуға қатысты мемлекеттік сараптама қорытындысына түзету енгізілді, оның негізінде «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат берілді.
Бүгінгі таңда, жақын маңдағы елді мекен тұрғындарының қайта жасаған өтініштеріне сәйкес Департаментпен ерте кезде берілген бұйрықтардың орындалуы және Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуы тұрғысына жоспардан тыс тексеру қайта ашылды.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары мен кәсіпорын өкілдері арасындағы сындарлы сұхбаттан кейін кәсіпорынның көшу мәселесі көтерілді. Кездесу нәтижелері бойынша, өсіп келе жатқан халық санын ескере отырып, аудан әкімдігі қолданыстағы заңнамаға сәйкес аудан аумағынан, кейін барлық рұқсат қағаздарын рәсімдеу арқылы «АКЛЕР ГРУПП» ЖШС баламалы жер учаскесін бөлу туралы міндеттеме алынды.
Аталған мәселе барлық қатысы бар органдардың бақылауына алынды.
