Ақмола облыстық ІІД, Ақмола облысы бойынша кәсіпкерлік пен өндіріс Басқармасы, Жерді қорғау мен пайдалану бойынша бақылау басқармасы, Целиноград аудандық, Аршалы және Шортанды аудандық әкімшіліктері, Ақмола облыстық көліктік бақылау инспекциясы, «Севказнедра» аймақаралық департаменті мемлекеттік құзыретті органдары бірлесіп қабылданған Жобаны жоспар бойынша іске асыруды Целиноград, Аршалы аудандарының аумағында жүргізеді.
Құзыретті органдармен келісілген бірлескен бұйрықтар шығарылып, жұмыс топтары құрылды.
Астана қаласынан шыға беріс жол бойында кен қазбаларын заңсыз қазғандар жауапкершілікке тартылатындығы жайлы ескерту жазылған баннерлер орнатылды.
Жұмыс топтарымен белгіленіп бекітілген кесте жалпы таралған кен қазбаларын заңсыз қазып пайдаланудың алдын алуды болдырмау бойынша рейдтік шаралар жүргізілуде.