Қазақстанда стратегиялық экологиялық бағалаудың құқықтық қолдануы талқыланды

Қазақстанда стратегиялық экологиялық бағалаудың құқықтық қолдануы талқыланды

2017 жылы 25 қаңтарда Астана қаласында ҚР Энергетика министрлігі және ЕО/БҰҰДБ/БҰҰ-мен бірге «Жасыл Академия» ғылыми-білім орталығы ұйымдастыруымен «Қазақстанның «жасыл» экономика моделіне көшуін қолдау» жобасы аясында «Қазақстанда Стратегиялық экологиялық бағалау (СЭБ) бойынша Хаттаманың құқықтық қолданылуы» атты Дөңгелек үстел өтті. 

Іс шара «жасыл» экономикаға көшу бойынша Концепцияны іске асыру бойынша іс-шаралар Жоспарына және БҰҰ ЕЭК Хаттамасына сәйкес экологиялық бағалаудың ұлттық жүйесін жасаудың және ендірудің нормативткі-құқықтық негіздерін талқылау мақсатында өткізілді.

«Қазақстанда Стратегиялық экологиялық бағалау бойынша Хаттаманың құқықтық қолданылуы» Дөңгелек үстел қатысушылары – ҚР Президент Әкімшілігі өкілдері, ҚР Парламенті, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Астана қаласы әкімдігі, дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар (Еуропалық одақ, БҰҰДБ, ЕҚЫҰ), «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Kazenergy» Ассоциациясы, «Самрұқ-Энерго» АҚ, «Қазақстан Су Арнасы» ҚР сумен жабдықтау және су тарту кәсіпорындар ассоциациясы, ҒКБ және де басқа ұйымдар қызметкерлері Қазақстанның стратегиялық экологиялық бағалау туралы Хаттама жағдайларын орындаудың заңнамалық аспектілерін талқылады.

Дөңгелек үстел модераторы ҚР Президенті жанындағы «жасыл» экономика Кеңесінің мүшесі, «Жасыл Академия» ҒБО директоры, э.ғ.д., профессор Есекина Б.К. сөз сөйледі. Семинарда құттықтау сөзді ҚР Энергетика министрлігі Халықаралық ынтымақтастық және экономикалық интеграциялық үдерістер департаменті директорының орынбасары Бекберген Керейжәне БҰҰ ЕЭК ЭСПО Конвенциясы Хатшылығы Қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша қызметкері, Елена Сантер сөзсөйледі. Олар өздерінің сөздерінде жоспарларды, бағдарламаларды, ұлттық саясатты және заңнамаларды жасауда және қабылдануда стратегиялық экологиялық бағалаудың маңыздылығы жайлы айтып өтті.

Кең талқылауда Қазақстан Республикасында стратегиялық экологиялық бағалау жүйесін құру мәселелері талқыланды, нәтижесінде ҚР Энергетика министрлігі жанынан Жұмыс тобын құру және СЭБ бойынша Жол картасын жасау жөнінде шешім қабылданды.

Дөңгелек үстел ұсыныстарын ҚР Үкіметіне жіберу туралы шешім қабылданды.