Ақтөбе облыстық әкімдік аппаратында Ақтөбе облысы бойынша экология департаментінің басшысы Ж.И.Иманқұловтың қатысуымен өткен жиналыс

Ақтөбе облыстық әкімдік аппаратында Ақтөбе облысы бойынша экология департаментінің басшысы Ж.И.Иманқұловтың қатысуымен өткен жиналыс

2017 жылы 7-ші  ақпан күні Ақтөбе облысының әкімдік аппаратының жиналысында облыстық және аймақтық басқармалар, департаменттер басшыларының және аудан әкімдерінің қатысуымен өткен жиналыста Ақтөбе облысының экология департаментінің басшысы – Ж.И.Иманқұловтың баяндамасы тыңдалды.

       Тақырыбы: «Экология департментінің 2016 жыл бойынша экологиялық қауіпсіздік аясындағы жұмыс қорытындысы бойынша және 2017 жылға тапсырмалары».
         Облыстың экологиялық жағдайы 2016 жылы  өткен жылдарға қарағанда айтарлықтай өзгерген жоқ және тұрақты. Өткен жылмен салыстырғанда 2016 жылы қоршаған ортаға шығарылған эмиссиялар төмен және: ластаушы заттардын мөлшері-169,7 мың/тн, ластаушы заттардын сандық құрамы 21,7 мың/тн, қалдықтардың сандық орналасуы 66 млн.тн құрайды.        

          Жыл сайын ілеспе мұнай-газды пайдалану мөлшері көбейіп және қазіргі таңда 94 % құрайды. 2017 жылы автокөліктердің сұйылтылған газға ауыстырылуына байланысты  бензин отынында жұмыс жасайтын қозғалтқыштардан бөлінетін ластаушы заттардын көлемі 10,2 мың тн азаяды деп күтілуде.

Жиналыс барысында мәселелі сұрақтар да айтылып өтілді:

  • Облыстың ірі елді мекендеріндегі су тазарту құрылғыларының техникалық жағдайы қанағаттандырусыз;
  • Аудандарда жылына 150 мың/тн тұрмыстық қалдықтар жинақталатын белгіленбеген қоқыс орындарының көп болуы;
  • Коммуналдық қалдықтардың сұрыпталу пайызының төмендігі;
  • Ақтөбе қаласының атмосфералық ауасының жағдайы.

       Көрсетілген мәселелердің орындалуын жүзеге асыру «2015-2017жж. облыстық экологиялық жағдайдың жақсаруы іс-шараларының жоспары» аясында жүргізіледі. Кеңес нәтижесі бойынша тиісті тапсырмалар берілді. Экология департаментіне, қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін кәсіпорындардың өндірістік қызметін экологизациялау жұмысын белсендету тапсырлған болатын.