Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті ұжымының кеңейтілген кеңесі

 Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті ұжымының кеңейтілген кеңесі

2017 жылы 27-ші ақпанда Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті ұжымының кеңейтілген кеңесі өткізіліп «Экология департментінің 2016 жылғы экологиялық қауіпсіздік аясында жұмыс қорытындысы және 2017 жылға тапсырмалары» талқыланды.   
2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы Ақтөбе облысының экологиялық жағдайы  айтарлықтай өзгерген емес.

Жылдан жылға Ақтөбе қаласы Қазақстан Республикасының атмосфералық ауасы жоғары деңгейде ластанған қалаларының ішінде өзгеріссіз орын алып келеді. Тек 2016 жыл бойынша ауаның жоғары деңгейде күкіртсутекпен ластануының 319 дерегі анықталған.

         Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру барысында экология департаменті тарапынан 2016 жылы 331 табиғат пайдаланушы тексеріспен қамтылды. Тексеріс қорытындысы бойынша- 384 бұзушылық анықталды. Олардың ішінде: 114 бұзушылық атмосфералық ауа; 117 су ресурстарын қорғау; 34 жер қойнауын қорғау; 46 жер ресурстарын қорғау бойынша.  

Анықталған бұзушылықтар бойынша 253 нұсқама  беріліп, экология заңнамасын бұзғаны үшін жалпы сомасы  467,2 млн.тг мөлшерінде 378 әкімшілік айыппұл салынды. Қоршаған ортаға келтірілген залал үшін 3,43 млрд.тг 139 залалды өтеу нұсқамасы берілді.   

Қоршаған ортаға елеулі залал тигізген кәсіпорындар:

-  «КазақОйлАқтөбе» ЖШС 88,97 млн.тг   күкірттің екі оксиді, азот  оксиді, көміртек оксиді атмосфера ауасына шектен тыс нормативтік шығарындыларымен;

-  «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ 311,9 млн.тг күкіртсутектін және күкірттің екі оксидінің шектен тыс нормативтік шығарындыларымен.  

          Департамент талабы бойынша бұрын  берілген нұсқамалар орындалмаған үшін сот шешімімен: 

  • «Сайлан Актобе» ЖШС қалдықтарды орналастыру үшін мемлекеттік экологиялық сараптаманын оң шешімі болмауына байланысты;
  • «Актобе Эко центр» ЖШС жобалық шешімдерден шегінген үшін;
  • «Таза Дала Ком» ЖШС жобалық  есепке алынбаған  ластаушы заттардың шамадан тыс нормативтік шығарындылар үшін;
  •  «Лепесов С» ЖК жергілікті тазартқыш құрылыстары болмағандықтан;
  •  «Ақтөбе қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автоқөлігі жолдар бөлімі» ММ  қатысты ҚТҚ арнайы аландарынын экологиялық талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты қызметтері тоқтатылды.

 

                                                              ********
         департаменттің лабороториялық-аналитикалық бақылау бөлімі, 2016 жылы 157 тексеріс өткізіп, сонын ішінде:  

  • Ø Өнеркәсіптік зиянды заттар және атмосфералық ауа бойынша  – 48;
  • Ø Су нысаны бойынша – 72;
  • Ø Топырақ бойынша – 37.

6607 сынама алынып, 14485 анықтама орындалды, нәтиже бойынша инспекция бөлімі тарапынан 757,6 млн.тг нұсқама, 77 залалды өтеу наразылығы беріліп және де 435,78 млн.тг мөлшерінде 314 әкімшілік айыппұл салынды.

                                                     ********
         2016 жылы экология департаментінің мемлекеттік экологиялық сараптамасына 589 жоба материалдары түсті (2015ж. 673 материал). Қаралғаны 569 жоба материалы. Оның ішінде 318 материал түзетуге қайтарылды, яғни  56% құрайды. 160 қоршаған ортаға эмиссия рұқсатын алу өтінім қаралды. 86 қоршаған ортаға эмиссия рұқсаты берілді. Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес келмеуіне орай 74 өтінім түзетуге қайтарылды.         

Жиналыста департаменттің 2017 жылғы I жарты жылдық жұмыс жұмыс жоспары қарастырылып, бекітілді.

                                       

        Ақтөбе облысы бойынша экология  

       департаментінің маманы          

       Ж.К.Бекмухаметов