2017 жылғы 30-наурыз-1 сәуірге арналған ауа-райы болжамы
Қазақстандықтарды соңғы күндері қалыпты жылы ауа-райымен қуантты, ауа температурасы әдеттегі қалпынан 4-8ºС-қа жоғары болды. Бұл жылылық қысқа мерзімді болды, суық арктикалық ауа массаларын басып кіруінің әсерінен республикамыздың бүкіл аумақтарында жақын күндерде ауа райының салқындауы және ауа температурасы климаттық нормадан 2-5ºС-қа төмен болады деп күтілуде.
Қазақстанның көптеген облыстарында алдағы үш тәулікте сулы қар, көктайғақ күтіледі, республикамыздың солтүстік жартысында батыстан күшті жел соғады, кей жер-лерде желдің күші 15-28 м/с күшейеді және боран күтілуде.
Сондай-ақ оңтүстік облыстарда көбіне жауын-шашынды, түнде және таңертең жаңбырдың соңы сулы қарға айналуы мүмкін деп күтілуде.