Қазақстан Республикасы «Жасыл экономикаға» көшу үрдісіндегі «Алматы облысындағы экологиялық мәселелер, идеялар және шешімдер» ғылыми - өндірістік конференциясының баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасы «Жасыл экономикаға» көшу үрдісіндегі «Алматы облысындағы экологиялық мәселелер, идеялар және шешімдер» ғылыми - өндірістік конференциясының баспасөз хабарламасы

Ағымды жылдың 25 мамырында жер жанаты Жетісу жерінің жүрегі Талдықорған қаласында, айтулы мереке, маңызды жиын өткізілді. Оның себебі 5-маусым Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Алматы облысы бойынша экология департаменті ұйымдастырған мектеп оқушылары мен студенттердің, жас экологтардың, ғалымдардың, табиғат пайдаланушылардың жалпы облыс  тұрғындарының экологиялық конференциясы.

Конференцияның мақсаты – қоғам, үкімет, бизнес, бұқаралық ақпарат құралдары, тұрғындар назарын қоршаған ортаның жағдайына аудару.

Кез-келген өркениетті мемлекет үшін табиғат қорғау ісі алдыңғы қатарлы мәселелердің бірі. Біздің елімізде де қоршаған ортаның жағдайы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Аталған конференцияны экология департаментінің басшысы Байеділов Қонысбек Ескендірұлы ашты.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Байжанов Айдарбек Естебекұлы құттықтау сөзінде жер жаннаты Жетісу өңірінің суының кәусар, топырағының торғын, ауасының таза болуына атсалысып еңбек етіп жүрген экология саласының мамандарын шын жүректен құттықтап, отбасыларына береке бірлік, мықты денсаулық, бақыт тіледі және де конференцияның сәтті өтуіне лебізін білдірді.

Елордамыз  Астанада өтетін дүниежүзілік «ЭКСПО – 2017» көрмесінің  жасыл энергияға байланысты болуы да және әлемде  тұңғыш рет экология проблемаларының қазақ елінде көрменің күн тәртібіне енгізілуі бекер емес.

Кең байтақ қазақ жерінің шұрайлы Жетісу өлкесі баламалы энергия көздерін өркендетуге қолайлы, себебі өлке су, жел және күн энергиясына өте бай.

Сондықтанда, облысымыз «жасыл экономикаға» елеулі үлес қосып, соңғы жылдардың өзінде бірнеше су, жел, күн энергиясы көздерінде қызмет атқаратын стансалар қуаты ел игілігіне пайдалануға берілді.

Біздің Жетісу өңірінде  бірқатар экологиялық  проблемалар бар. Іле-Балқаш аймағы, Сарыөзек кәріз жүйесі, Ойқарағай көмір кешені, Сорбұлақ су қоймасы, Панфилов уран кен орны мен тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарының қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсері жоқ емес.

Облыста аталған экологиялық проблемалар бойынша 5 жылға: 2016-2020 жылдарға арналған іс-шара жоспары қабылданып нақты жұмыстар жүргізілуде.

         Келесі сөз тізгіні баяндамашы «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы, БҰҰ-ның сыйлығының иегері Елеусізов Мэлс Хамзаұлына берілді.

         Әрі қарай сөз баяндамашылар академик, техника ғылымдарының докторы, профессор Бүрлібаев Мәлік Жолдасұлына, «Қайнар АКБ» ЖШС-нің әкімшілік директоры Сарқұлов Әлмеш Абайұлына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Республикалық мемлекеттік «Казгидромет» кәсіпорнының «Ғылыми-зерттеу орталығының» директоры, техника ғылымдарының кандидаты Қожахметов Пайызхан Жолмендіұлына., І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің құқықтану мамандығының 3 курс докторанты Телеуов Ғалым Байғазыұлына., «Текелі кенді қайта өңдеу кешені» ЖШС-нің директоры Шалбаев Бақыт Сарбасұлына., І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің жаратылыстану-техникалық факультетінің экология мамандығының 3 курс студенті Аукен Ақбота Қызырқызына берілді.

         Конференцияда қоғам назарында жүрген қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзекті мәселелер көтерілді. Баяндамалар талқыланып, сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

Конференция мәресіне жетіп, экология департаментінің басшысы Байеділов Қонысбек Ескендірұлы сөзін түйіндей келе: «Осы жасалып жатқан жұмыстардың барлығы жас ұрпақ Сіздер үшін, Сіздердің болашағыңыз үшін. Табиғатты тек жаны таза адам ғана түсінеді, мәдениетті адам ғана оны қорғайды» - деп конференцияға қатысушыларға ризашылығын білдірді.