«Теңіз» кен орнында орын алған жағдай жөніндегі мәлімет

«Теңіз» кен орнында орын алған жағдай жөніндегі мәлімет

Атырау облысы бойынша экология департаментінің ақпаратына сәйкес, Жылыой ауданының прокуратурасынан 2017 жылдың мамыр айының 30 жұлдызы күні сағат 10:00 шамасында Теңіз вахташылар поселкесіндегі «Теңізшевройл» ЖШС-не қарасты бірінші буынды зауытының қондырғысынан зиянды шығарындылар ауаға рұқсатсыз жіберіліп, жұмысшылар өндіріс аймағынан қауіпсіздік жерге көшіріліп, уақытша жұмыс тоқтатылғаны туралы ақпарат келіп түсті.

Осыған орай Департамент тарапынан тексеру жұмыстары ұйымдастырылды (ҚР Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес, тексеріс құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында тіркелуі қажет), тексеріс нәтижелері туралы қосымша хабарланады.