«Қазақстанда радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу» семинары бойынша баспасөз-хабарламасы

«Қазақстанда радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу» семинары бойынша баспасөз-хабарламасы

2017 жылғы 15-18 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі  «Қазақстандағы радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу» бойынша Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі (АЭХА) өкілдері және сарапшыларының қатысуымен семинар ұйымдастырды.

         Семинар жұмысына ҚР Энергетика министрлігінің, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК, «Геофизикалық зерттеу институты» РМК, «Ядролық физика институты» РМК, «Ядролық технологиялар қауіпсіздігі ғылыми-техникалық орталығы» ЗТБ өкілдері қатысты.

         Осы семинарда радиоактивті қалдықтармен (РАҚ) және пайдаланылған ядролық отынмен (ПЯО) жұмыс істеу саласындағы қолданыстағы және жоспарланған заңнамалық және нормативтік актілерге қатысты мәселелері, РАҚ және ПЯО жұмыс істеу стратегиясы мен саясаты,  қалдықтармен жұмыс істеуді ұйымдастыру тәсілі мен оларды қаржыландыру және басқа да мәселелер талқыланды.