Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қ.Бозымбаевтың халық алдындағы есеп беру кездесуіндегі баяндамасы бойынша түсіндірме жұмысының баспасөз хабарламасы.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қ.Бозымбаевтың халық алдындағы есеп беру кездесуіндегі баяндамасы бойынша түсіндірме жұмысының баспасөз хабарламасы.

2017 жылғы 30 маусымда «НұрОтан» ҚОФ ғимаратында Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің басшысы Мұсапарбеков Қ.Ж. экология департаменті қызметкерлері арасында, Қарағанды облысының үкіметтік емес және жобалаушы ұйымдардың   және ЖОО студенттерінің қатысуымен  Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қ.Бозымбаевтың халық  алдындағы есеп беру кездесуіндегі баяндамасы жөнінде түсіндірме беру бойынша жиналыс өткізді.

Қазақстан Республикасы Энергетика Министрі Қ.Бозымбаевтың сөйлеген сөзі бойынша түсіндірме беруді департамент басшысы Мұсапарбеков Қ.Ж. мұнай саласынан бастады.

Мұнай өндіру көлемінің негізгі өсімі Тенгиз,Қарашығанақ,Қашаған кен орындары есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Бұған қоса орташа және шағын кен орындарындағы өндіру көлемдерінің төмендеуі жоспарланып отыр, 2016 жылы 36 млн.тоннадан 2020 жылы 33 млн.дейін. азайту жоспарланып отыр.

Жер қойнауын пайдалану саласын, оның ішінде тау-кен барлау жұмыстарын ынталандыру үшін,  Министрлік жер қойнауын пайдаланудағы  әкімшілік шараларды жеңілдету бойынша Жер қойнауы туралы кодекске және Салық кодексіне түбегейлі нормаларды әзірлеп шығарды.

Электроэнергетика саласында Министрлік 2017-2023 жылдарға және болашақта 2030 жылға дейінгі  электр энергиясы мен қуатының болжамдық теңгерімін бекітті.

Энергоөндіруші компанияларының айтарлықтай қуат қорының бар болуы экономика сұранысының өсімін электр қуатымен болашақта 2025 жылға дейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. (жоғары жүктемеде 3000 Мвт жоғары немесе 22-25%).

Бүгінгі күні қорларды,  технологиялық жаңғыру мен цифрландыру бере алатын техникалық сенімділік пен сапаға  шоғырландыру қажет. Біз көріп отырған негізгі бағыт-Қазақстанның интеллектуалдық энергожүйесін жасау (Смарт Грид).

Әрі қарай, 2016 жылы «Нұрлы Жол» бағдарламасының шеңберінде ұзындығы 1500 км Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік жоғары вольтты электрэнергиясын беру желілері құрылысы жобасының 1-кезеңі аяқталды.

Екінші кезең бойынша жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде, жобаның аяқталуы мерзімі -2018 жыл.

Мусапарбеков К.Ж. ҚР Энергетика министрі Қ.А.Бозымбаевтың белгілеп көрсеткен негізгі басымдылықтарын іске асыру атмосфераға шығарылатын ластаушы заттар шығарындыларын азайтуды қамтамасыз ететінін атап өтті. Қолданылатын газ көлемі қысқартылады. Тарихи ластануларды жою бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.  Экологиялық мәселелерді шешу және халық денсаулығына тиетін теріс әсердің алдын алу бойынша басымдықтарды белгілеуге мүмкіндік беретін нысаналы көрсеткіштер әзірленіп жатыр.

 Сөз соңында Министрлік пен экология департаментінің қызметіндегі маңыздысы- мемлекеттік қызмет көрсету екендігін тағы бір атап өтті.

 Рұқсат құжаттары, шараларды жеңілдету, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша жұмыстар жалғастырылуда.

 2016 жылдан бастап Министрліктің көрсететін 43 мемлекеттік қызметінен 10 мемлекеттік қызмет қысқартылды, бүгінгі күні мемлекеттік қызметтің 33 түрі көрсетіледі.

 Биылғы жылы экология саласындағы экологиялық реттеу және мемлекеттік қызмет көрсету шаралары түбегейлі өзгерістерге ұшырайды.

Жыл соңына дейін Экологиялық кодекске 1-санатты объектілер үшін қоршаған орта эмиссиясына рұқсат беру мерзімдерін  60 күннен 15 күнге дейін немесе 4 есеге азайтып өзгерістер енгізу жоспарланып отыр.

 Экология саласындағы ең сұранысты мемлекеттік қызмет болып мемлекеттік экологиялық сараптама және қоршаған орта эмиссиясына рұқсат беру болып табылады.

 Министрлік бұл екі мемлекеттік қызметті біреуге біріктіріп, табиғат пайдаланушыға экологиялық реттеу саласындағы бірыңғай құжатты беруді жоспарлап отыр. Өйткені, мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы берілген кезде қоршаған орта эмиссиясының рұқсаты экологиялық сараптамаға қосымша ретінде бір уақытта беріледі.

Бұл кездесу соңында сөз сөйлеуге ынта білдіргендер  ішінде:

- Выдрин Д.Е.-экология департаментінің басшысы Қ.Мұсапарбековтің сөйлеген сөзіндегі- Министрліктің міндеттерді бәсекеге қабілетті ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға өткізу жөніндегі жұмыстар шеңберіндегі бастамасын қолдайтынын айтып өтті.

 Бәсекеге қабілетті ортаға экологиялық мониторинг және ақпарат саласындағы 1 міндетті өткізу жоспарланып отыр.

-Маликова А.Д. – «ЭкоМузей» ҚБ директоры- экология департаментінің басшысы К.Мусапарбековтің сөйлеген сөзінде ашық қоғамдардың тұрақты дамуы мен оларды құруға ықпал ету, барлығы үшін әділеттіліке қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету және барлық деңгейдегі тиімді, жауапты мекемелерді құруға қатысты айтқандарын қолдап өтті. Және бұл мақсатта Министрліктің бірқатар шараларды талқы салғанын, атап айтқанда экологиялық заңнамалықты Орхусс Конвенциясына сәйкестендіру мақсатында заңнамаға түзетулер енгізгеніне тоқталып өтті.