Энергетика Министрлігінің «дөңгелек» үстелінде салалық заңнаманың алдағы өзгерістеріне байланысты «Жер қойнауы және Жер қойнауын пайдалану» Кодексі жобасына тұжырымдамалық амалдар талқыланды

Энергетика Министрлігінің «дөңгелек» үстелінде салалық заңнаманың алдағы өзгерістеріне байланысты «Жер қойнауы және Жер қойнауын пайдалану» Кодексі жобасына тұжырымдамалық амалдар талқыланды

2017 жылғы 30 маусым ҚР Энергетика министрлігінде көмірсутек шикізаты бөлігінде «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекстің жобасын талқылауға арналған «дөңгелек» үстел өтті.

Отырысқа мынадай мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және компаниялардың өкілдері қатысты: ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті, облыс әкімдіктері, жобалау институттары, «Атамекен» ҰКП, «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергитикалық кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК»АҚ, НКОК, «ҚаражанбасМұнай» АҚ, «Петро Қазақстан Кұмкөл Ресорсиз» АҚ, Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг, «Теңізшевройл» ЖШС, «Саутс-Ойл» ЖШС, «ЕмбіМұнайГаз» АҚ, «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ, «Қазгермұнай» БК» ЖШС және басқа да көптеген компаниялар.

Дөңгелек үстел қатысушылары Жер қойнауы туралы кодексті әзірлеуге және негізгі жаңашылдықтарға қатысты мәселелерді қарастырып, өзекті сұрақтарға толық жауаптар алды.

Құжат 2017 жылғы 31 қаңтардағы ҚР Президентінің халыққа Жолдауында қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру мақсатында әзірленуде.

ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмухамбетов өз баяндамасында жаңа Жер қойнауы туралы кодекстің негізгі мақсаттары мен міндеттерін айқындап өтті:

- дүниежүзілік мұнай бағасы төмендеу жағдайында Қазақстанның мұнай-газ секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру;

- аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықты жұмыспен қамтуға үлесін ескере отырып, саланың тұрақты дамуына жағдай жасау;

- жер қойнауын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік реттеу және бақылаудың бірдей дәрежесін, сондай-ақ экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздігін сақтау;

- құқықтық реттеудің тұрақтылығын және болжамдылығын қамтамасыз ету.

Бұдан басқа, Жер қойнауын пайдалану туралы кодекс жер қойнауын пайдалану құқығын алуды жеңілдетуге, қорларды бағалау стандарттарының халықаралық жүйесін енгізуге, геолиялық барлау жұмыстарына инвестицияларды бағыттауға, әкімшілік кедергілерді және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар тараптары үшін тәуекелдерге әкеп соғатын заңнамадағы кемшіліктерді жоюға, өтпелі ережелерді реттеу және заңға тәуелді деңгейде Кодексті іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған.

Жаңа Кодекске сәйкес, мұнай-газ саласында жер қойнауын пайдалану құқығын берудің негізгі тәсілі аукцион болады, келісімшарттың екі түрі ("барлау және өндіру", "өндіру") қалады, жер қойнауын пайдалану құқығы қосымша сараптамаларсыз байқау жеңімпазымен қол қойылатын Үлгілік келісімшарт негізінде беріледі және жобалау құжатын «қайталайтын» жұмыс бағдарламасы жойылды. Келісімшартқа отыру жобалау құжатының бар болуына тәуелді болмайды. Осыған орай жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты алу мерзімдері қысқартылды. Барлау кезеңінде оқытуға, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына, ҒЗТКЖ-ға төлем бойынша міндеттер жойылады.