
2017 жылдың 27 қазанында Ақтөбе облысы бойынша экология департаментінде «Облыстың экологиялық жағдайын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан шаралар және ағымдағы кезеңге қойылған міндеттер» тақырыбында кеңейтілген жиналыс өткізілді.
Жиналысқа келесі мекемелер қатысты:
Қоғамдық ұйымдар өкілдері:Ақтөбе Орхус Орталығы (Тукенов Н.); «Байтақ Болашақ» Экологиялық Альянс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе өкілдігі (Мырзабай Б.); «Поколение - М» ҚБ (Бошкова Е.); әлеуметтік-экологиялық қоғамдық бірлестік «Таза Мекен» -(Логинов С.).
Телекомпания журналисттері: «Рика-ТВ», «Қазақстан - Ақтөбе», «Актюбинский вестник» (Сисекенова Ж.) және «Ақтөбе» (Раушанов Х.) газеттері.
Сонымен қатар «Ақбұлақ» АҚ, «Ақтөбе хром қосындылар зауыты» АҚ, құрылыс компаниялары: «Стройдеталь» ЖШС; «Экотон Батыс» ЖШС; «Нектар» ЖШС; «Вибро Мастер Казахстан» ЖШС; «ЖБИ - 25» ЖШС өкілдері шақырылды.
*******
12 құрылыс компанияларын жоспардан тыс тексеру нәтижесінде Экология департаментімен анықталған бұзушылықтар туралы ақпаратпен мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы – М.Нагимов шықты. Соның ішінде атап өтті:
Анықталған бұзушылықтар бойынша шаруашылық субъектілеріне келесідей әкімшілік шаралар қолданылды: 3,086 млн.теңгеге 34 айыппұл салынды және қоршаға ортаға келтірілген залал үшін 2,073 млн.теңгеге 8 талап ұсынылды.
********
«2015-2017 жылдарға Ақтөбе облысының экологиялық жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарын» жүзеге асыру барысында қолданылып жатқан шаралар туралы «Ақбұлақ» АҚ өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы – Ахметов Т. баяндады. Кирпичный поселкесінің жеке секторынан ағындыларды қабылдауға арналған ағынды станциясының құрылысы аяқталғандығы туралы хабарлады. Қаланың өндірістік аймағында және 41 разъезде орналасқан 2 ағынды станция құрылысы аяқталу кезеңінде.
А.ж. қараша айының бірінші жартысында КТҚ-да «Мокрый барьер» қондырғысын және КНБ-де көмір сүзгі орнату мәселесі шешілді.
ПОШ ауданында және Пожарский көшесінде орнату жоспарланған құдық үлгісіндегі 2 сүзгі алуға қаражат қарастырылды.
Аз бөлек шығарындылар иісін бейтараптандыру үшін «Ақбұлақ» АҚ аса ластанған 12 КНБ-де вентиляция жүйесін ауыстырумен 12 көмір сүзгісін алуды жоспарлап отыр.
«Ақбұлақ» АҚ ассенизациялық машиналармен төгінділерді жүйелеу бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде.
********
Инспекциялық тексеріс нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды талдай келе, облыстың экологиялық қызметінің ардагері Бекмухамбетов Ж. қатысушылардың назарына кәсіпорындардың экологиялық қызметі өздерінің тікелей өкілеттігінен шеттеліп, әрекетсіздік рөлін атқару салдарынан экологиялық талаптар сақтамалмайды. Кәсіпорындарда жауапкершілік және экологиялық қызметтері рөлін көтеру қажеттеілігін көрсетті. Өйткені қазіргі таңда ҚР заңнамасында кәсіпорындардың қоршаған ортаға жағымсыз әсерін бақылау тек өзін-өзі бақылау (Өндірістік экологиялық бақылау) негізінде жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, ол қоршаған ортаның жағдайын бақылау мәслеснде мемлекеттік мекемелердің өндірістік емес кәсіпорындармен қарым-қатынасын күшейту қажеттілігі туралы атап өтті. Халықтың экологиялық мәдениетін көтеру арқылы экологиялық жағдайды жақсарту мүмкін болады.
********
Экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Қожықов Е.С. өзінің қорытынды сөзінде назарды келесіге аударды:
Экология департаменті әр кәсіпорынмен жыл сайынға атмосфераға нормативтік шығарындыларын нақты санға келтіру арқылы ретке салу бойынша жұмыс жасайды.