
30 қарашада ҚР Энергетика министрлігінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Салтанатты жиналысқа құрылымдық бөлімшелердің басшылары, ведомстволық бағынысты ұйымдар мен Министрліктің қызметкерлері қатысты.
Жиналысты ҚР Энергетика вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов құттықтау сөзбен ашты.
«Еліміздегі Елбасының саясаты мемлекеттің күшейтілген жаңғартылуын қамтамасыз етеді, бізге үлкен сенімділікпен алдыға жылжуға мүмкіндік береді. Қазақстан халқымен бірге Энергетика министрлігі Президентіміздің қойған міндеттерін жүзеге асыруға белсенді түрде қатысып қана қоймай, мемлекеттілігіміздің қалыптасуына, ұлттық экономиканы дамытуына үлес қосып келуде.
Біз еліміздің тұрғындарының өмір сүру сапасы жылдан жылға сапалы жаңа деңгейге өтіп жатқандығы туралы сеніммен айта аламыз», - деді ол.
Сөзін қорыта отырып, М. Досмұхамбетов барлық қатысушыларды мемлекеттік мерекемен, яғни Тұңғыш Президенті күнімен тағы бір рет құттықтап, басты міндет қол жеткізілген нәтижемен тоқтамай, әрбір азаматты «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясат және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары секілді Елбасы бекіткен бағдарламалық құжаттарды ары қарай жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырды.