
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2018 жылғы 10 қантар « Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауын түсіндіру бойынша облыстық әкімшілік жанынан ақпараттық топ құрылды. Осы ақпараттық топтың мүшесі Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің басшысы Е.Қуанов ағымдағы жылдың 29 қаңтарында Ақжайық ауданы Ақсуат ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп және Елбасының жолдауындағы барлық бағыттардың маңыздылығын атап өтті. Елбасы жолдауында жаңа технологияларды енгізу, ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке құзыреттілігін дамыту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, шынайы өмірде «ақылды технологияларды» және Экологиялық кодекске түзету енгізу жөнінде айтылды. Аймақ әкімдері шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тарту арқылы қатты тұрмыстық қалдықтарды қазіргі заманға сай қайта өңдеу мен кәдеге жарату бойынша шаралар қабылдауы қажет.
Кездесу соңында ауылдық округ тұрғындары сұрақтарын қойып, сәйкесінше қойған сұрақтарына жауаптарын алды. Сондай-ақ, департамент басшысы Е.Қуанов облыстың қоршаған ортасының жай-күйі туралы хабардар етті.
70-тен астам адам қатысты.