
Көктемнің бірінші айы жаңбырмен және қармен аяқталады
Циклондар мен антициклондар Қазақстан аумағы арқылы қатты жылдамдықпен жылжиды. Осыған байланысты елімізде жаңбыр мен қар түрінде жиі жауын-шашынмен тұрақсыз ауа-райы сақталады.
Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын, оңтүстік бөлігінде найзағай аралас жаңбыр, солтүстігінде ылғалды қар, тұман және көктайғақ күтіледі. Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан жоғары, тек солтүстік аудандарда температура 2-3°С нормадан төмен болады.