Кәрізді тазарту қондырғыларында ағынды суларды тазалау атмосфераға ластағыш заттардың шығарылуымен бірге жүреді: аммиак, метилмеркаптан, этилмеркаптан, күкіртсутегі, олардың қосындылары жағымсыз ерекше иістерді туғызады.
2018 жылдың 31 мамырында «ШҚО бойынша экология департменті» РММ бастамасымен «Өскемен-Водоканал» ШЖҚ МКК кәсіпорнымен күкіртсутегі иісі мәселесі дымқыл кедергі технологиясын жүзеге асыру көмегімен ішінара жойылды.
«Өскемен-Водоканал» ШЖҚ МКК-мен өз қаражаттарынан нәжіс қалдықтарын уақытша сақтау алаңы периметрі бойынша иіс көзін зарарсыздандыру мақсатында «Дымқыл кедергі» технологиясын қолдануға жоба әзірленіп келісілді.
Аталмыш жоба негізінде тазарту қондырғысы алаңында құбыр желісі арқылыарнайы шүмектер арқылы дайын ерітіндіні жіберу үшін стационарлық блок контейнер орнатылған. Кешен сыртқы ауа температурасымен жел жылдамдығы және бағытын ескере отырып, автоматты режимде жұмыс жасайды.
Иісті зарарсыздандыру ауада өсімдіктерден алынған эфирлі майлармен органикалық қосындылар құрамын құрайтын арнайы концентратты сулы ерітіндінің шашырауы арқылы жүреді.
Майлармен органикалық қосындылар буы қалдықтардың биоыдырауы кезіндегі жағымсыз иісті газ қосылыстарын түрлендіріп, шынайы табиғи құбылыстарын туғызуды жылдамдатады.
Ерітіндіні шашырату үшін: шүмектерден, қосылғыш шлангтардан, басқару насосты блогымен ерітінді ыдысынан, су беру жүйесінен, концентратты автоматты мөлшерлеу құрылғысынан тұратын арнайы қондырғы қолданылады. Басқару блогы шашырату уақытымен шашырату аралығындағы үзілістарді реттеуге, иіс күшіне байланыстыерітінді концентрациясын ауыстыруға мүмкіндік береді. Шүмектер 5-50 мкм бөлшектің көлеміндегі шымылдық тәріздес ұсақдисперсті тұман құрайды.
Қала тұрғындары ауа құрамындағы жағымсыз иіске ыңғай шағымданатындықтан, технология жағымсыз арнайы иіс туғызатын ауада бар ластағыш заттарды бейтараптандыруға (иісті жасыруға емес жюға) көмектеседі.
Аталмыш технология келесі параметрлерге жауап береді: пайдаланудың ұзақ мерзімділігі, озық ғылыми-техникалық әзірлемелерге, энергия тиімділігі, санитарлық-гигиеналық және экологиялық.
Технология сипаттамасы: ықшам дизайн, дербес орындау, процесті автоматтандыру, икемді бағдарлама параметрлері.
«Дымқыл кедергі» технологиясын қолдану жағымсыз иістің кәріз тазарту қондырғысы шегінен тыс тарамауын тоқтатып, Өскемен қаласының аталмыш аймағында жағымсыз иіс мәселесін шешуге көмектеседі.
Жоба шешімі мердігері болып «Центр искусственного климата» ЖШС табылады.